Қытайдың солтүстігінде көлік қозғалысы тоқтады

Қытайдың солтүстігін қар басып, боран борап, теміржол, көлік және әуе қатынасы бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Әсіресе Хэйлунцзян провинциясында пойыздар тоқтап, жолаушылар діттеген жеріне жете алмай әлек. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, кей өңірлерде жел күшейіп, ауа райы күрт суытып, бірден -15 градусқа дейін төмендеген. Сыпин қаласында осы демалыста бір тәулікте 56 мм қар түскен. 

Қазір темір жолдарды, көшелерді тазалауға ондаған бригада жұмылдырылып, 100-ге жуық техника тартылған. Мұндай аяз осы аптаның ортасына дейін жалғасады деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы