Қытайдан келген студент шекара ашылғанда қайтадан кететінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Уханьнан келген қазақстандық студенттер шекараны ашып, коронавирус басылғаннан кейін Қытайға қайта кеткісі келетіндерін айтты.
14 күн карантинде болған студенттер елордада орналасқан көпбейінді аурухананың медициналық қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Мен өзім туралы айтайын, егер шекара ашылып, рұқсат етілген кезде мен Қытайға оралып, ғылыми дәрежемді алуды жоспарлап отырмын. Қазіргі уақытта мен халықаралық құқық мамандығы бойынша PhD екінші курс студентімін. Мен мақалалар жариялаймын, конференцияларда сөйлеймін. Менің бағытым - академиялық. Зерттеу тақырыбым: "Еуразиялық экономикалық одақ". Мен қытайларға біздің одақ ЕАЭО туралы айтып, жазамын, - деді Гүлбақыт журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.
Гүлбақыт Болатбекқызының айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі қытайлық тараппен бірге Қытайда қазақстандықтарды одан әрі оқыту туралы шешім қабылдауда. Гүлбақыт пен Дәуреннен басқа қазақстандықтар да Қытайдың Ухань қаласында білім алуда. Олардың арасында болашақ бакалаврлар, магистрлер бар. Сонымен қатар, қытай тілін оқып жүрген студенттер де бар. Оларды оқыту алты айдан бір жылға дейін созылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы