Біртанов Қытайдан келетін жолаушыларды тексеру шараларымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтандағы Назарбаев әуежайында орналасқан санитарлық карантиндік пунктке барды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министр Қытайдан келетін ұшақтың жолаушыларын тексеру шараларымен танысты.Бүгінде елорда әуежайында ҚХР-дан келген 6 мыңнан астам азамат тексеруден өтті. Олардың барлығы ұшақтан түспей тұрып сауалнама толтырады. Ол Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды 14 күн бойы бақылауда ұстау үшін қажет, - делінген хабарламада.
Жалпы, профилактикалық жұмыстар 6 қаңтарда басталған.
Елжан Біртанов санитарлық карантиндік пункттегі сақтық шараларын күшейтіп, мамандардан тек ұшақ бортында ғана емес оқшаулау бөлмесінде де арнайы костюм киіп жүруді талап етті.
Сондай-ақ Елжан Біртанов Назарбаев әуежайындағы оқшаулау бөлмесін кеңейту туралы тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қар құрсауында қалған 7000-нан астам адам құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы