Қытайдан гуманитарлық көмек келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қытайдан Қызылордаға гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook-тегі желісінде жариялады. 

Қызылордада COVID-19 Қазақстан қоғамдық бақылауы өз жұмысын бастады. Бүгін Қытайдан келген гуманитарлық көмекті қарсы алдық. Тауарды қабылдау 2020 жылдың 14 шілдесінде сағат 12:15-те (Қызылорда уақыты бойынша) жүзеге асты. Жүк жөнелтуші құжат бойынша "СҚ-Фармация" келісімімен "Ақ Ниет" ЖШС қоймасы болды, - делінген жазбада.

Гуманитарлық тауардың тізімі: 

1. Медициналық қорғаныш комбинезоны – 1600 дана;
2. Бір реттік хирургиялық қолғаптар - 8200 дана;
3. Байланыссыз инфрақызыл термометр - 50 дана;
4. № 95 медициналық маскасы - 5400 дана;
5. Хирургиялық маскалар - 28 960 дана;
6. Медициналық қорғаныш көзілдірігі - 3700 дана;

Ертең, 15 шілде гуманитарлық көмек медициналық ұйымдарға таратылып, бөлінеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы