Қытайдағы зілзала 100-ден астам адамның өмірін жалмады

Қытайдағы жер сілкінісінен 118 адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24.kz мәліметінше, Қытайдың Ганьсу провинциясында 6,2 балдық жойқын жер сілкінісі тіркеліп, 118 адам қаза болды. 

Тағы 500-ге жуық адам жарақат алған. 

Қазір жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп жатыр. Ал құтқарушылар бригадасы үйінді астында қалған адамдарды шұғыл іздеуге кірісті. Бірақ қолайсыз ауа райы құтқару жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін дейді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы