Қытайдағы тау көшкіні салдарынан 4 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин провинциясында тау көшкіні болып, салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Russian.News.Cn хабарлады.
"Қайғылы оқиға Сывань ауылында болды. Жойқын көшкін кезінде таудан құлаған тастар жақын маңдағы үйлерді басып қалды. Ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Табиғат апаттары бойынша Қытай штабының деректеріне сүйенсек, 15 тамызда Сычуань провинциясында да тау көшкіні болған. Апат салдарынан 17 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Табиғат апаты салдарынан Чэнду-Куньмин темір жолы істен шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Апаттық жағдайда қонған ұшақтың 76 жолаушысына көмек көрсетілді
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы