Қытайдағы шахтада болған жарылыс: қаза тапқан кеншілер саны 90-ға жуықтады
Билік апаттың нақты себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында орналасқан Люшень көмір шахтасында газ жарылысы болып, кемінде 90-жуық кенші қаза тапты, тағы екі адам із-түзсіз жоғалған.
Reuters-тің хабарлауынша, апат кезінде шахтада 247 жұмысшы болған. Олардың 100-ден астамы құтқарылған. Жарақат алғандар ауруханаларда емделіп жатыр, кейбірінің жағдайы ауыр.
Құтқару жұмыстарына жүздеген маман тартылып, 300-ден астам құтқарушы мен арнайы техника жұмылдырылды. Алайда су жиналуы мен шахта ішіндегі жағдайдың күрделілігі іздеу жұмыстарын қиындатуда.
Билік апаттың нақты себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, улы газ деңгейі рұқсат етілген нормадан асқан. Шахта иелеріне қатысты тексеріс басталды.
Бұл оқиға Қытайдағы соңғы жылдардағы ең ірі өндірістік апаттардың бірі ретінде бағаланып отыр.