Бүгiн 2026, 02:26 Фото: pixabay

Қытайдағы курортта катер апатынан туристер қаза тапты

Қытайда туристер мінген катер апатқа ұшырады.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чусюн қаласында (Юньнань провинциясы) туристік катердің апатқа ұшырауы салдарынан екі адам қаза тапты, тағы екі адам ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Xinhua агенттігінің жазуынша, қайғылы оқиға 17 ақпан күні кешке Дунхуа кентіндегі Лянсивань туристік курортында болған.

Чусюн қаласының Қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел құтқару қызметтері мен өрт сөндірушілер жіберілген.