Бүгiн 2026, 12:13 Фото: pixabay.com

Қытайдағы көмір шахтасындағы апаттан сегіз адам қаза тапты

Қытайдың Шаньси провинциясындағы шахтада газ жарылысы болып, ондаған адам жер астында қалып қойды.

Қытайдың Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында газ жарылысы болып, сегіз адам көз жұмды. Тағы 38 шахтер жер астында қалып қойған.

Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап, Xinhua агенттігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, шахтерлердің қаза табуына көмірқышқыл газы деңгейінің шектен тыс көтерілуі себеп болған.

Билік өкілдерінің айтуынша, құтқарушылар 201 адамды эвакуациялап, сегіз адамның денесін жер астынан алып шыққан.

Әзірге апаттың нақты неден болғаны анықталған жоқ. Жер астында қалған шахтерлерді құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.