10 Шілде 2026, 10:20 Фото: Xinhua агенттігі

Қытайдағы аяқ киім фабрикасындағы алапат өрттен 30-ға жуық адам қаза тапты

Оқиға орнына 180-нен астам өрт сөндіруші мен құтқарушы жұмылдырылған.

Қытайдың Фуцзянь провинциясындағы аяқ киім фабрикасында болған ірі өрт салдарынан кемінде 28 адам қаза тапты.

Бұл туралы Xinhua агенттігі мәлімдеді.

Қытайдың Орталық телеарнасының мәліметінше, өрт Цюаньчжоу қалалық округіндегі кәсіпорында болған. Өрт туралы хабар жергілікті уақытпен 9 шілде күні түске қарай түскен.

Оқиға орнына 180-нен астам өрт сөндіруші мен жедел қызмет мамандары жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Сондай-ақ үйінді астында адамдардың қалып қойған-қалмағаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Билік өрттің шығу себептерін анықтау үшін арнайы тергеу бастады.