9 Тамыз 2026, 12:49
Фото: istockphoto.com
Қытайдағы алау мерекесінде 16 адам күйіп қалды
Мерекелік шара кезінде бірнеше адамның үстіндегі киімге от тиіп, оқиға видеоға түсіп қалды.
Қытайда алау мерекесі кезінде 16 адам түрлі дәрежеде күйік алды. Жергілікті басылымның мәліметінше, оқиға Юньнань провинциясының Лэфэн елді мекенінде болған.
Өрт жанғыш сұйықтық құйылған пластик шелектің аударылып кетуінен шыққан.
Куәгерлердің бірі оқиға болған сәттің видеосын жариялады. Кадрлардан түнде алаңқайда бір топ адамның алаумен ойнап жүргенін көруге болады. Кенет әлсіз тарсыл естіліп, от тұтанып, айналадағы адамдар жан-жаққа қаша бастаған.
Кейбір адамдар жерге құлап, киімдеріне от тиген. Оқиға орнында болғандар дереу көмекке ұмтылып, жалынды сөндіруге кіріскен.
Салдарынан 16 адам түрлі дәрежеде күйік алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, олардың жағдайы тұрақты.