Қытайда жойқын жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Апаттық-құтқару қызметінің мамандары жер сілкінген ауданға жіберілді.
Қытайдың солтүстік-шығысында Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы Қайғар округі Цзяши уезінде 6,4 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы 20 қаңтарда Қытай сейсмологиялық желілер орталығына сілтеме жасап Синхуа агенттігі хабарлады.
Қазір "қайтыс болғандар бар" деген ақпарат түспеді. Бірақ Цзяши уезінде жер қатты сілкінді. Жергілікті тұрғындар үйде аспашамдар қозғалғанын және үй де шайқалғанын сезінген соң далаға қашып шыққан, - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінен зардап шеккен ауданнан өтетін тоғыз жолаушылар пойызы тоқтатылды. Ал теміржол қызметкерлері нысандарды тексеруге жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы