20 Қазан 2026, 09:49 Фото: istockphoto.com

Қытайда жер сілкінді

Жер сілкінісі Астана уақытымен таңғы сағат 05:56-да тіркелді. Магнитудасы – 4,9, ошағы 17 шақырым тереңдікте орналасқан.

20 қазанда Қытайда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 05:56-да (Гринвич уақытымен 00:56-да) болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі 41,01 градус солтүстік ендік пен 84,09 градус шығыс бойлықта орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,9, ошағының тереңдігі – 17 шақырым. Энергетикалық класы – 11,6.

Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстанда магнитудасы 4,9 болатын  жер сілкінісі тіркелген еді.