Қытайда жер сілкінді
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 4,6 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, дүмпу жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 01:06-да болған. Эпицентр Ақсудан 146 шақырым, ал Тұмшұқтан 142 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жерасты дүмпулерінің ошағы 7,2 шақырым тереңдікте болған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биіктігі 10 қабатты үймен тең: Гавайда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы