Қытайда жасанды жатырмен жүкті болатын алғашқы робот ойлап табылды

Қытайдың Kaiwa Technology компаниясы әлемдегі алғашқы "жүктілік роботын" жасауға кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Interesting Engineering-ке сілтеме жасап.

 Жобаның басты ерекшелігі – гуманойд роботтың құрсағына жасанды жатыр орналастырылып, ұрықты он ай бойы көтеру және босану процесін имитациялау мүмкіндігі.

Компания мамандарының айтуынша, технология жасанды амниотикалық сұйықтықты және түтік арқылы жеткізілетін қоректік заттарды қолдана отырып, табиғи жүктілік үдерісін қайталайды. Бұл шешім табиғи жүктіліктің ауыртпалығынан бас тартқысы келетіндер үшін балама ретінде ұсынылады.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, жаңа үлгі 2026 жылы таныстырылмақ. Оның құны 100 мың юаньнан (шамамен 13 900 доллар) аспайды деп күтілуде.

Жобаның авторлары бұл инновация медицина, биотехнология және робототехника саласында жаңа дәуірдің бастауы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: GuyXotic/Pixel Dojo
Өзгелердің жаңалығы