Қытайда «Вэньтянь» модулі ғарыш станциясына жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай ғарыш станциясына «Вэньтянь» деп аталатын модулін жеткізіп, орбитадағы орталығын аяқтауға тағы бір маңызды қадам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алып модульді орбитаға «Чанчжэн 5-Б» зымыран тасығышы алып ұшты. Ол ғарыштағы «Тяньгун» станциясымен 13 сағаттан кейін сәтті түйісті. Ұзындығы 18, ал ені 4 метрден сәл асатын ғарыш орталығының бұл бөлігі ғылыми тәжірибелер жасауға арналған. Ол бір қақпадан және 2 бөліктен тұрады. Бұл арқылы ғарышкерлердің ашық аспанға шығуы қарастырылған. Кеме күн панельдерімен жабдықталған.
Бұл тарихи сәт. Қуанышым қойныма сыймай қобалжып тұрмын. Себебі еліміздің ең үлкен зымыран тасығышымен ең ұзын әрі ең ауыр ғарыш кемесін орбитаға сәтті жеткізді, - деп мәлімдеген «Чанчжэн 5-Б» зымыранының бас конструкторы Ли Донг.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада газ толтыру станциясынан өрт шығып, 4 адам зардап шекті
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы