Қытайда ұшатын автокөлік шығаратын зауыт салынбақ
Қытайлық электромобиль өндіруші XPeng компаниясы ұшатын автокөліктер шығаратын зауыт құрылысын бастады. Бұл туралы Xinhua мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қытайлық басылым мәліметінше, зауыттың аумағы 10 мың гектарды құрайды және Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу провинциясында салынып жатыр. Мұнда әлемде алғаш рет ұшатын автокөліктердің жаппай өндірісі қолға алынады. Алғашқы кезеңде зауыттың өндірістік қуаты жылына 10 мың автокөлікке жетеді деп жоспарланған.
XPeng компаниясы Aeroht ұшатын автокөлігі 2024 жылдың соңында бағасы 2 миллион юаньға (120 млн теңге) дейін алдын ала тапсырысты бастауды жоспарлап отыр, ал сериялы өндіріс пен алғашқы жеткізулер 2026 жылы жүзеге асырылады.
Aeroht ұшатын көлік моделі 12-17 қараша аралығында Чжухауда өтетін Airshow China авиасалонында таныстырылатын болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдың Гуанчжоу қаласында ұшқышсыз әуе таксиі сынақтан өткізілді.
Қытайдағы таныстырылымда сынақ рейсі орындалды. Әуе көлігін жергілікті EHang Holdings Ltd компаниясы құрастырған. Бұл әлемдегі алғашқы ұшқышсыз ұшатын коммерциялық электротакси болмақ.