21 Қыркүйек 2026, 19:20 Фото: istockphoto.com

Қытайда тоқыма цехындағы өрттен сегіз адам қаза тапты

Өрттен тағы бір адам жарақат алып, 63 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы тоқыма цехында болған өрттен сегіз жұмысшы қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, өрт кеше күндіз Фошань қаласының Шуньдэ ауданындағы Чансин индустриялық аймағындағы цехтардың бірінен шыққан.

Өрт кірпіш пен болат конструкциялардан салынған екі қабатты, шамамен 200 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт салдарынан сегіз жұмысшы қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған.

Цех пен оған жақын орналасқан ғимараттардан 63 адам эвакуацияланды.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.