Қытайда технологиялық компанияларға NVIDIA AI чиптерін сатып алуға тыйым салынды
Қытайдың ең ірі технологиялық компанияларына америкалық NVIDIA жасанды интеллект (AI) чиптерін сатып алуға тыйым салынды. Бұл шешім елдің ішкі технологиялық дербестігін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Financial Times басылымына сілтеме жасап.
Қытайдың киберкеңістік әкімшілігі (CAC) отандық нарыққа арналған RTX Pro 6000d графикалық карталарын сынау мен тапсырыс беруді тоқтатуды талап еткен.
Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім геосаяси жағдайға қарамастан Қытайдың AI чиптері өндірісін дамытуға бар күшін жұмылдырып жатқанын көрсетеді.
FT дерегінше, жаңа шектеу H20 чипіне қатысты бұрынғы шектеулерден де қатаң. Бейжің қытайлық AI процессорларының деңгейі экспортқа рұқсат етілген NVIDIA өнімдерімен бәсекеге түсе алады деп есептейді.
Қазір ішкі өндіріс сұранысты қанағаттандыруға жеткілікті болады, - деп жазды басылым.
Бұл шешім Қытайдың жасанды интеллект саласында сыртқы қысымға тәуелділікті азайтуға бағытталған стратегиялық қадамы ретінде бағалануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ЕО-да дәрі-дәрмек тапшылығы рекордтық деңгейге жетті
Өзгелердің жаңалығы