Қытайда тауықтарды өлгенше қорқытқан адам түрмеге қамалды

Қытайда қолшаммен 1100 тауықты қорқытып, олардың өлуіне себеп болған адам 6 айға түрмеге қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тарында жарияланған бұл оқиғадағы басты кейіпкер – Гу деген тегі бар адам. Ол көршісінің 1100 тауығын қорқытып өлтірген соң сот оны кінәлі деп таныды, - деп жазады СNN.

Көршілер Гудың ағашын Чжун есімді көршісі рұқсатсыз отап тастаған соң араздасып қалғаны белгілі болды.

Орталық Қытайдағы Хунань провинциясына қарасты Хэнъян округінің соты Гу соған жауап ретінде Чжунның фермасына бірнеше мәрте түнде әдейі кіргенін анықтады.

Гудың қолшамды қандай мақсатта қолданғаны белгісіз. Алайда құстар қолшамның жарығынан қатты қорқып, бір бұрышқа топтасқандықтан бір-бірін таптап кетіп, қырылып қалған.

Қытай билігі 1100 өлі тауықтың құнын 13 840 юаньға (892 мың теңге) бағалап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: givotniymir.ru
Өзгелердің жаңалығы