Бүгiн 2026, 09:20 Фото: istockphoto.com

Қытайда су тасқынынан екі адам қаза тапты

Табиғи апаттан кейін құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, билік тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Қытайдың солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан кейін болған су тасқыны салдарынан екі адам қаза тапты.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, табиғи апаттан адам шығыны Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы ауылдық жерлерде тіркелген. Қазір Қытайдың тиісті мемлекеттік органдары зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр.

Мәліметке сәйкес, Қытайда жаз мезгілінде нөсер жауын жиі жауып, елдің бірқатар өңіріне, соның ішінде Бейжіңге де елеулі залал келтіреді. Мұндай табиғи құбылыстар су тасқынына, инфрақұрылымның бүлінуіне және адам шығынына себеп болып келеді.

Еске салайық, бұған дейін толассыз жауған жаңбыр Ыстанбұлда да су басуға және көлік қозғалысының бұзылуына әкелген болатын.