24 Қараша 2026, 19:34
Фото: AFP
Қытайда мемлекеттік құпияны сатқан шенеунік өлім жазасына кесілді
Қытайда шенеунік мемлекеттік құпияны шетелдік барлау қызметіне бергені үшін өлім жазасына кесілді.
Қытайда орталық аппарат шенеунігі шетел мемлекетіне мемлекеттік құпияны жария еткені үшін өлім жазасына кесілді.
Бұл туралы Reuters агенттігі қытайлық Baomiguan басылымына сілтеме жасап хабарлады. Тегі Ма ретінде белгілі шенеунікті шетелдік барлау қызметі шет елде жұмыс істеп жүрген кезінде жалдаған.
Болжам бойынша, Қытайға оралғаннан кейін ол куратордың нұсқауымен 100-ден астам барлау есебін шетелге берген. Олардың ішінде кейін мемлекеттік құпия деп танылған 35 құжат болған.
Басылым дерегінше, ақпарат беру ұзаққа созылған барлау операциясы аясында өткен. Өз әрекеті үшін Ма 1 миллион юаньнан астам (шамамен 150 мың доллар) қаражат алған.