Қытайда қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды

Қытайда күн райына қатысты қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұған толассыз жауып жатқан жаңбыр себеп. Жауын-шашын елдің солтүстік және орталық аймақтарын әбігерге салды. Метеорологтар әлі нөсер жауады дейді. 

Қазірдің өзінде Хэнань мен Хэбэй провинцияларын су шая бастаған. Бейжіңде мектептер мен бірнеше көрнекі орын жабылды. Аньхой провинциясында лай көшті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы