Қытайда қауіпті оба жұқтыру дерегі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың солтүстігінде бубон обасын жұқтыру дерегі анықталды.
Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді.
Індетті Нинся-Хуэй автономдық ауданының тұрғыны жұқтырған. 45 жастағы малшы Ішкі Моңғолия автономды ауданына қарасты Иньчуань қаласына барып келген.
Еске сала кетейік, өткен аптада Иньчуань қаласында бубон обасының таралғаны белгілі болды. Пациент ауруханаға жатқызылды.
Осыған байланысты ҚХР Нинся-Хуэй автономдық ауданында эпидемиологиялық қауіпке әрекет етудің төртінші деңгейі жарияланды.
Айта кетейік, бубон обасы – бактериялық ауру. Ол суыр секілді жабайы кеміргіштердің бүргелері арқылы жұғады. Оба қауіпті, оны уақытында емдесе, адам 24 сағаттың ішінде қайтыс болуы мүмкін. Көп жағдайда адамға жануарлардан тарайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы