Қытайда өтетін Универсиадаға Қазақстан атынан 93 студент қатысады

FISU-дің 31-ші Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан атынан 11 спорт түрінен 93 спортшы қатысады (садақ ату; оқ ату; жеңіл атлетика; спорттық гимнастика; дзюдо; көркем гимнастика; үстел теннисі; таеквондо; у-шу; жүзу; семсерлесу). Ел құрамасы еліміздің 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған.

28 шілдеде Универсиаданың ашылу салтанаты өтеді, ал 27 шілдеде қазақстандықтар садақ атудан алғашқы жарыстарда өнер көрсетеді.

Жарыс 8 тамызға дейін жалғасады, онда 18 спорт түрінен 269 медаль жиынтығы ойналады. Әлемнің түкпір-түкпірінен он мыңнан астам спортшы марапаттар үшін күреседі.

Универсиада жарыстары «Армандар Чэндуде шындыққа айналады» ұранымен өтеді. Универсиаданың бойтұмары 2019 жылдың 30 желтоқсанында таныстырылған «Ronq Bao» пандасы болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы