Қытайда оқушылар мен студенттерге офлайн оқуға рұқсат етілді

Жақында Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі жоспарын жариялады, онда COVID-19 инфекциясы тіркелмеген оқу орындарына офлайн режимде сабақты қайта бастауға рұқсат етілгені жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспарда жоғары оқу орындары, орта және бастауыш мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелері қамтылған, ал басқа оқу орындары жағдайға қарай жоспарды басшылыққа ала алады, деп жазды Синьхуа.

Жоспарға сәйкес, университеттер кейбір адамдарды қоспағанда, бұдын былай оқытушылар мен студенттер арасында коронавирус нуклеин қышқылдарына жаппай тестілеуді ұйымдастырмайтын болды. Сонымен бірге университет аумағы мен университет қалашығының қоғамдық орындарына кірген кезде ПТР талап етілмейді, бұл талап тек елдің басқа аймақтарынан университетке оралғандар үшін ғана қалады.

Сырқат қайта өршіген жағдайда орта мектептер, бастауыш мектептер мен балабақшалар қатаң жабық есік режиміне бағынуы керек, ал мекемелер мен университеттерге аймақтық басқару үлгісіне көшуге рұқсат етіледі, – делінген жоспарда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы