Қытайда ондаған адамы бар аспалы көпір опырылып түсті

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында аспалы көпір опырылып түсті. Бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа агенттігінің жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға салдарынан 22 адам жеңіл, тағы екеуі ауыр жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды.

Іле қазақ автономиялық аймағының Чжаосу округінің Сята ауданындағы аспалы көпірде кабель үзіліп, көпірдің палубасы қисайып, 29 адам құлап кетті. Бес адам қаза тапты, – деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы