27 Шілде 2025 2025, 19:06
Фото: Anadolu Agency
Қытайда нөсер жауыннан екі адам қаза тапты
Қытайдың Хэбэй провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қытайдың Хэбэй провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Синьхуа" агенттігінің ақпаратына сәйкес, толассыз жауған жауыннан тағы екі адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Мәліметке сәйкес, табиғи апат Баодин қаласын басты. Апат салдары әлі де жалғасып жатыр. Жергілікті билік органдарының мәлімдеуінше, барлығы 46 235 адам табиғи апаттан зардап шеккен.
Сонымен қатар 4 600-ден астам тұрғын қауіпсіз жерлерге эвакуацияланған.
Қазіргі уақытта аймақта құтқару және көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.