23 Қараша 2026, 08:50
Фото: unsplash.com
Қытайда магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді
Жерасты дүмпулерінің ошағы Қытай аумағында, солтүстік ендіктің 42,32 градусы мен шығыс бойлықтың 82,29 градусы координаттарында орналасқан.
Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметінше, жер сілкінісі 22 қараша күні Астана уақытымен сағат 07:15-те (Гринвич уақыты бойынша 02:15) болған.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Қытай аумағында, солтүстік ендіктің 42,32 градусы мен шығыс бойлықтың 82,29 градусы координаттарында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 5,2, энергетикалық класы 12,3 болған. Жерасты дүмпулерінің ошағы 14 шақырым тереңдікте тіркелген.
Алдын ала таратылған мәліметте зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.