Қытайда коронавирустың жаңа түрі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай ғалымдары бұрын Оңтүстік Африкада тіркелген NeoCoV коронавирусының адам популяциясына ену қаупі туралы хабарлады. Бұл туралы bioRxiv сайты жазды.
Вирустардың бұл тобының таралу жағдайларын олардың адамдарда пайда болу мүмкіндігін ескере отырып мұқият бақылау керек, — делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, вирус адам денесімен өзара әрекеттесу үшін белгілі бір мутацияны қажет етеді, сондықтан қазір ол тек жарқанаттарға қауіп төндіреді. Алайда, мамандар Neocom көп жағынан жұмбақ болып қала беретінін айтады.
Сондай-ақ зерттеу қазір басып шығару кезеңінде, болашақта сарапшылар оны тексеруі керек.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге COVID-19 пандемиясының омикрон штаммынан кейін аяқталуы мүмкін деп мәлімдеме жасаған болатын. Оның айтуынша, Еуропада омикрон вирусының күрт өсу кезеңінен кейін жаһандық иммунитет пайда болады. Клюге мәліметіне сәйкес, ол инфекциялар немесе вакциналар арқылы, сондай-ақ маусымдық ерекшеліктерге байланысты пайда болады.