Қытайда коронавирустың жаңа түрі анықталды
Қытайда омикронның жаңа нұсқасы пайда болды. Икс-Би-би 1.5 (XBB.1.5) штамы 10 науқаста анықталып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қытайда омикронның жаңа нұсқасы пайда болды. Икс-Би-би 1.5 (XBB.1.5) штамы 10 науқаста анықталып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол иммундық төзімділікпен және тез таралуымен қауіпті. Алайда бұл ерекшелікке қарамастан, сарапшылар алаңдауға еш негіз жоқ, дейді. Себебі, елде аурудың таралуы бәсеңдеген.
Қытайдағы коронавирустық мутацияларды өте мұқият қадағалап отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша қысқа мерзімде XBB штаммы негізгі мәселеге айналмайды. Таралып жатқан күннің өзінде біз әрекет етуге дайынбыз. Қазіргі уақытта Қытайда табылған барлық штамм Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына белгілі, – дейді Цинхуа университеті қоғамдық денсаулық сақтау институты директорының орынбасары Лян Ваньнянь.
Сондай-ақ Ресейдің Пенза облысында омикронның тағы бір түрі «кракен» штамы анықталды. Еуропалық ғалымдардың зерттеуінше, бұл вирустың ең трансмиссивті нұсқасы. Айта кетерлігі, «кракен» алғаш рет 2022 жылдың күзінде АҚШ-та белгілі болған. Ол көбіне бұрын омикронмен ауырғандарға жұғады.
- Алматыда қонақүйде шыққан өрт толық сөндірілді 21:50
- Астанада мас күйінде Есілді жүзіп өтпек болған ер адам құтқарылды 21:19
- ШҚО-да қос азаматтығы бар 6 шетелдік елден шығарылды 20:56
- Қазақстанда отбасымен бірге ең көп оқылатын TOP-10 кітап анықталды 20:22
- Telegram-да пікір қалдырған қазақстандық қамауға алынды 19:58
- Қырғызстандағы сел: Тасқын су көліктер мен бір отар қойды ағызып әкетті 19:41
- Ұшақта полиция қызметкерін балағаттаған әйел жауапқа тартылды 19:20