Қытайда коронавирус тағы да өршіп тұр

Қытайда коронавирус инфекциясы тағы да өршіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Reuters агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Бейжіңнің бірнеше аудандарындағы мектептер қашықтан оқыту форматына ауысып жатыр. 

Қытай COVID-19-дың көптеген ошақтарымен күресуде: Хэнань орталық провинциясындағы Чжэнчжоудан оңтүстік-батыстағы Чунцинге дейін вирус тоқтамай тұр. 

20 қараша күнгі мәліметке сәйкес, елде індет жұқтырудың 26 824 жаңа дерегі тіркелген. Мамандар сәуір айындағы пандемияның күнделікті шарықтау шегіне жақындап келе жатқанын айтып, дабыл қақты. 

Сонымен қатар Бейжіңде екі адам вирустан көз жұмған. 

Қытай оңтүстігінде орналасқан 19 млн халқы бар Гуанчжоу қаласының тұрғындары да коронавирустан зардап шегіп отыр. Қала билігі қаланың адам тығыз қоныстанған ауданы – Байюнде бескүндік карантин жариялады. Сондай-ақ мейрамханалар, түнгі клубтар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы