Қытайда көпір құрылысында трос үзіліп, 12 адам қаза тапты
Цинхай провинциясында салынып жатқан теміржол көпірінде трос үзіліп, 12 адам қаза тапты. Тағы 4 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға кезінде ұзындығы 108 метрлік трос үзілген. Құрылыс алаңында 16 жұмысшы болған.
Құтқару жұмыстарына 800-ден астам маман, арнайы техника, қайықтар мен тікұшақтар жұмылдырылды.
Жергілікті ауруханалар жарақат алғандарға жедел көмек көрсету үшін "жасыл дәліз" ашты.
Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап, жоғалғандарды іздестіру жұмыстарын күшейтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы