Қытайда карантинді созудың арқасында індетті жұқтыру азайды – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасынан келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Халық емханасындағы бас дәрігердің орынбасары Лу Чэнь онлайн өткен брифинг барысында карантинді созудың пайдасын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. 

Қытайда коронавируспен ауырып жатқан науқастарды емдеген медициналық қызметкерлер індет жұқтырғандары рас. Қытайда 3387 медициналық қызметкер індетті жұқтырған болатын. Оның 90 пайызын Уханьдағы медициналық қызметкерлер құрайды. Бұл дәрігерлердің барлығы індет енді басталған уақытта ауырып қалған болатын. Барлық профилактикалық шаралар мен оқулар жүргіздік. Осындай сақтық шаралары барысында ауырған қызметкерлердің саны төмен болып отыр және ол жақсы көрсеткіш, - деді делегация өкілі. 

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы карантинді жалғастыру туралы да өз ойын білдірді. 

Ол жайлы айтатын болсақ, Қазақстандағы жағдайға қарау деп ойлаймын. Карантинді жалғастыру - халық үшін өте пайдалы. Қытайда карантинді жалғастыру - көптеген адамның осы індетті жұқтырып алмауы үшін пайдасын тигізді. Басшымыздың бұйрығымен осы Қазақстандағы әріптестерімізге көмек көрсету үшін келіп отырмыз. Сондықтан тәжірибе алмасамыз деген үміттеміз, - деді қытайлық дәрігер. 

Көмекке келген ақ халаттылардың барлығы Шыңжаңдағы 5 ауруханадан келген. Індет Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі 76 адамға жұғып, үшеуі қайтыс болған. Қалғандары толық жазылып шықты. Бұл аймақта соңғы 52 күнде жаңа жағдай тіркелмеді. 

76 адам ауырған еді, алайда қазір науқастар саны азайды. Науқастарды емдеу барысында өзіміз болдық. Қазіргі таңда өзге де қалалардың дәрігерлерімен тікелей байланыста боламыз. Қытайдан басқа науқастар саны көп шоғырланған елдердегі дәрігерлермен сөйлесіп, тәжірибе алмасып жүрміз. Бұл қазіргі таңдағы ең маңызды іс болып отыр, - деді спикер. 

Алдағы уақытта делегация өкілдері елорданың науқастар шоғырланған ауруханаларын аралып, құрал-жабдықтармен таныстырылатын болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытай Халық Республикасынан кеше келген дәрігерлер 15 күн бойы Қазақстандағы медицина мамандарымен тәжірибе алмасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы