Қытайда дүлей дауылдан тұрғындар зардап шекті

Гонконгта «Ма-он» дауылы соғып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүзге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір өңірде табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр

Сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жылжыған дүлей жел құрлықтық Қытайға бет алған. Мамандар дауыл бүгін Гуандун провинциясына жетіп, Гуанси мен Юньнань аймағында соққанда екпіні саябырлайды деп болжап отыр. «Ма-он» бұған дейін Филлипинде соғып, 3 адам опат болып, мыңға жуық тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болған.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы