Қытайда БРИКС елдерінің жоғары деңгейлі 5-ші медиа форумы өтті

ҚХР Бейжің, BAQ.KZ тілшісі. Бейжіңде БРИКС елдерінің жоғары деңгейлі 5-ші медиа форумы өтті. Оған онлайн және офлайн форматта 300-ге жуық адам қатысты.

ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі Хуан Куньмин БРИКС елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарын жаһандық даму ынтымақтастығына назар аударуға шақырып, медиа форумда үндеу жасады.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жақында БРИКС елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту және жаһандық дамуды ілгерілету, жаңа жоспар құру және БРИКС ынтымақтастығы мен дамуына жаңа серпін беру сияқты тақырыптарда маңызды баяндама жасаған болатын. БРИКС елдерінің БАҚ-тары дамуды қолдап, жаһандық даму саласындағы ынтымақтастыққа назар аударуы, сондай-ақ ынтымақтастық, тең құқықты, теңдестірілген және жалпы пайдалы серіктестік қатынастарды қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуі керек, - деп атап өтті Хуан Куньмин.

Хуан Куньмин ынтымақтастық негізін нығайту, бірлескен және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын қолдау және қауіпсіздік саласында адамзаттың ортақ болашағы қоғамдастығын бірлесіп құру үшін күш салуға шақырды.

Ол сондай-ақ БРИКС шеңберіндегі ынтымақтастықты ілгерілету үшін достық көпірін құру және БРИКС-тің ашықтық, инклюзивтілік және өзара тиімді ынтымақтастығын ілгерілету үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

«БРИКС келісімін құру, жаһандық дамуға көмектесу» тақырыбымен өткен форумды Синьхуа ақпарат агенттігі ұйымдастырды. Оған әлемнің 73 елі мен аймақтарынан 170-тен астам БАҚ пен мекеменің 300-ге жуық өкілі онлайн және офлайн режимде қатысты.

24 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына қатысқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: russian.people.com.cn
Өзгелердің жаңалығы