Қытайда бірден екі деңгейлі қауіп жарияланды: нөсер мен сел қаупі күшейді
Қытайдың Су шаруашылығы министрлігі мен Мемлекеттік метеорологиялық басқармасы Гуйчжоу провинциясының солтүстік-шығыс бөлігінде тау селдерінің пайда болу қаупіне байланысты қызғылт сары деңгейлі ескерту жариялады.
Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы елдің бірқатар өңірінде қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты сары деңгейлі ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, Солтүстік-Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қытайдың кей аудандарында нөсер жаңбыр жауып, сағатына 80 мм-ден астам жауын түсуі мүмкін. Қолайсыз ауа райы найзағай, қатты жел және басқа да қауіпті атмосфералық құбылыстармен қатар жүреді.
Осыған байланысты жергілікті билікке су басу қаупінің алдын алу шараларын күшейтіп, қала және ауыл шаруашылығы аумақтарындағы дренаж жүйелерін бақылауға алу ұсынылды.
Сонымен қатар Қытайдың Су шаруашылығы министрлігі мен Мемлекеттік метеорологиялық басқармасы Гуйчжоу провинциясының солтүстік-шығыс бөлігінде тау селдерінің пайда болу қаупіне байланысты қызғылт сары деңгейлі ескерту жариялады.
Аймақтық билік органдарына тәулік бойы мониторинг жүргізіп, тұрғындарды дер кезінде хабардар ету және қажет болған жағдайда эвакуация ұйымдастыру тапсырылды.
Қытайда ауа райына қатысты қауіптің төрт деңгейі қолданылады: ең жоғарысы – қызыл, одан кейін қызғылт сары, сары және көк деңгейлер.