Қытайда биотехнологиялық кәсіпорында жарылыс болды

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында орналасқан кәсіпорында болған жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Жарылыс сенбі күні таңғы уақытта «Цзяпэн» биотехнологиялық компаниясына тиесілі кәсіпорында тіркелген.

Құтқарушылар үйінді астында қалып қойған бес жұмысшының мәйітін тапты, – деп мәлімдеді агенттік.

Қазіргі уақытта жарылыстың себеп-салдарын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы