Қытайда алып құйын соғып 6 адам мерт болды
Алматы, BAQ.KZ. Қытайда дауылды құйын соғып алты адам мерт болды, тағы жүздеген адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Қытайдың Кайюань қаласында орын алған табиғи апаттан алты адам көз жұмып, тағы 120-сы жарақат алған. Дегенмен, зардап шеккендердің саны әлі де анықталуда.
Құйынның алыптығы соншалықты оның диаметрі жүздеген метрді құраған.
Агенттіктің мәліметінше, құйын тұрған аумақтағы үйлердің еш бірінде терезе қалмаған, түгелдей қираған. Құйын үйдің шатырын қиратып, автокөліктерді аспанға иіріп әкеткен.
Бұған дейін ауа райын болжаушылар ыстық жаздың қандай салдары болатынын мәлімдеген. Олардың айтуынша, биыл осындай табиғи құбылыстар көп болмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде жолаушылар тасымалы саласы тексерілді
Өзгелердің жаңалығы