Қытайда Алматы қаласының туризм күндері өтеді

Қытайда Алматының туризм күндері өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шара 14 қазанда Сиань қаласында, ал 16 қазанда Бейжіңде ұйымдастырылады. Туризм күндерінің негізгі мақсаты — халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту және қаламызға туристер тарту.

Бағдарлама аясында Қытайдың жетекші туроператорлары және әуе компанияларымен келіссөздер, сондай-ақ Алматының бірегей туристік ұсыныстарының тұсаукесері жоспарланған. Қатысушылар қазақстандық артистердің өнерін тамашалап, қолөнершілердің шеберлік дәрістеріне қатысып, ұлттық тағамдардың дәмін татады.

Соңғы күні ірі туроператорлар арасында Алматыда турдың ұтыс ойыны өткізіледі. Жеңімпаздар «Медеу» мен «Шымбұлақ» сияқты көрнекі орындармен таныса алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы