Қытайда мектепке шабуыл жасалып, 8 оқушы қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың Гаоянпо ауылында мектепке шабуыл жасалып, бастауыш сыныптың 8 оқушысы қаза тапты. Бұл туралы жергілікті басылымдарға сілтеме жасай отырып vesti.ru хабарлады.

Полицейлер 40 жастағы қылмыскерді ұстаған. Оның мұндай әрекетке неліктен барғаны туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ол бұған дейін адам өлтіріп, осы жазда түрмеден босап шыққан. 

Мектеп пен балабақша қауіпсіздігі бойынша Қытай билігі қанша шара жасағанымен балаларға шабуыл жасау бұл елде азаймай тұр. 

Осы жылдың сәуір айында Хунань провинциясында ер адам оқушыларға пышақпен шабуылдаған. Ол кезде екі бала қаза тапты. 

Қаңтар айында Бейжіңде ер адам балғамен шабуылдау салдарынан 20 бала жарақат алған. Қаскөй жұмыстан шығарып жібергені үшін өш алмақ болғанын айтқан. 

2018 жылдың сәуір айында қолында қанжары бар жас жігіт балаларға шабуыл жасаған, ол кезде 9 бала қаза тапқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы