Қытайда 61 өзен арнасынан асты

Қытайда 50 жылда болмаған жауын жауып, өзен-көлдер жаппай тасыды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қазір көрші елдің оннан астам провинциясында 61 өзен арнасынан асып, елді мекендерді су басты. Елдегі 65 су қоймасы тасудың сәл-ақ алдында тұр. Эвакуацияланған халық саны бір миллионға жуықтаған. Жүз мыңдаған тұрғын үй мен нысандарда жарық пен байланыс үзілген. Юэлинь ауылында лай көшкінінен 6 адам жарақат алып, 15 адам көз жұмды. Жолдар жабылып, азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр. 

Хунань провинциясында дамбы бұзылды. Салдарынан 8 мың гектарға жуық алқапты су шайып кетті. Төңіректегі ауыл, уезддерден адамдарды аман алып шығуға 3 мың құтқарушы жұмылдырылған. Ел билігі төтенше жағдай жариялап, құтқару шараларын жүргізіп жатыр. Жауын-шашын болса толастар емес. 

Түнде судың ағысы қатты болды. Суды деңгейі терең. Лай судан ненің үстінде жүргенің түсініксіз. Электр сымдары ажыратылды. Бірінші кезекте қарт адамдар мен балаларды шығарып уақытша баспаналарға орналастырып жатырмыз. Бізге бөлінген аумақтан дүйсенбіден бері 3800 адамды аман алып шықтық. Құтқару шараларына қосымша күш тартылып жатыр, - деді құтқару қызметінің өкілі Лу Сян.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы