Қытайда 100 тонна шоколадтан тұратын музей көрсетілді. Көрмеде не бар?

Қытайдың Сиань қаласындағы әйгілі Datang Everbright City кешеніне күн сайын мыңдаған турист келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Сиань қаласынан.

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай

Үлкен Қаз мұнарасының етегінде кешкісін көше нағыз мерекелік көңіл күйге бөленеді. Мұнда музыкалық және би қойылымдары қойылады, жарыққа толы субұрқақтар жұмыс істейді. Қонақтар дәстүрлі киім киіп суретке түсіп, Таң әулетінің дәуірін еске түсіретін жарықтандырылған ғимараттардың арасында серуендейді.

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай
Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай

Кешендегі жаңа мәдени нысандардың бірі – Choc Choco Chocolate Museum. 

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай

Аумағы 10 мың шаршы метрден асатын көрмеде жүздеген шоколадтан жасалған туындылар қойылған. Олардың ішінде Чанъань қаласының макеттері, терракота сарбаздары және Сианьнің әйгілі сәулет ескерткіштері бар. 

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай
Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай

Коллекцияны дайындауға шамамен 100 тонна шоколад жұмсалған. 

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай
Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай

Мұражайда негізгі экспозициядан бөлек, дегустация аймақтары, кәдесый дүкені және шоколад жасауға арналған шеберлік алаңдары бар. 

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай
Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай

Арнайы бағдарламалар аясында шетелдік қонақтардың қатысуымен іс-шаралар өтті. Журналистер түрлі елдерден келіп, қытайлық шоколад мәдениетімен танысып, өз қолымен шоколад әзірлеуге мүмкіндік алды.

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай

Ұйымдастырушылар мұражайды Сианьнің жаңа мәдени бренді ретінде таныстырады. Олардың айтуынша, жоба “шоколад арқылы мыңжылдық тарихты қайта бейнелеп, ұлы қытай өркениетіне құрмет көрсетеді”. 

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай
Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай

“Цяокэцяокоу” шоколад мұражайы – көне өркениетті тәтті өнер арқылы жаңаша тануға мүмкіндік беретін бірегей орын. 

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай
Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай

Сианьнің үш мың жылдық тарихы мұнда шоколадтың иісімен астасып, қаланы жаңа қырынан ашады.

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ/ Олжас Адай
Өзгелердің жаңалығы