24 Қазан 2026, 18:48 Фото: Синьхуа

Қытай Жерді бақылауға арналған жерсеріктерді орбитаға шығарды

Жерсеріктер табиғи ресурстарды зерттеуге, егін өнімділігін бағалауға және табиғи апаттардың алдын алуға арналған.

Қытай Жердің қашықтан зондтауына арналған жерсеріктердің екі тобын орбитаға сәтті шығарды. Олар табиғи ресурстарды зерттеуге, егін өнімділігін бағалауға және табиғи апаттардың алдын алуға арналған.

«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, «Яогань-53» тобының 07–09 нөмірлі жерсеріктері және «Яогань-56» тобының 19–21 нөмірлі жерсеріктері Астана уақытымен сағат 06:25-те (Бейжің уақытымен 03:25-те) «Чанчжэн-4Б» (Long March-4B) зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды. Жерсеріктер жоспарланған орбиталарына сәтті шықты.

Бұл жерсеріктер негізінен ғылыми эксперименттер жүргізуге, жер мен табиғи ресурстарды зерттеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалауға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға және олардың салдарын азайтуға арналған.

Бұл ұшыру «Чанчжэн» («Ұлы жорық») сериясындағы зымыран тасығыштар үшін 673-миссия болды.