Қытай жасанды күн жасап шығарады

Қытай таза энергия өндіру үшін термоядролық синтез технологиясын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Бұл жобаны 2050 жылға қарай жүзеге асырмақшы.

Термоядролық синтез – бұл жеңіл атом ядроларының бірігіп, ауыр ядроларға айналуы нәтижесінде орасан зор энергия бөлінетін процесс. Бұл механизм Күн мен басқа жұлдыздардың жұмыс істеу негізінде жатыр. Дәстүрлі ядролық энергетикада атом ядроларының бөлінуі қолданылады, ал термоядролық реакция радиациялық қалдықтар қалдырмайды және іс жүзінде сарқылмайтын энергия көзі.

Қытайдың "жасанды Күні" деп аталатын қондырғысы – токамак. Бұл құрылғы аса жоғары қыздырылған плазманы ұстап тұру және термоядролық реакцияларды тұрақты жүргізу үшін күшті магниттік өрістерді пайдаланады. 2023 жылы CNNC (Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы) China Fusion Corp. компаниясын құрды және технологияны дамыту үшін 240 миллион доллар инвестиция тартты.

Қазіргі таңда АҚШ, Ресей және Оңтүстік Корея сияқты бірнеше ел ғана термоядролық синтезді зерттеуде елеулі жетістіктерге жетті. Дегенмен, Қытай бұл саладағы ғылыми-техникалық күш-жігерін үдетіп, жетекші елдердің біріне айналуды көздеп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы