Қытай Жаңа жылы: Көктем мерекесі, Димаш және «Ой, жайлау»

Қытайдың салт-дәстүрі мен мәдениетіне, сондай-ақ шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды тойлауға қызығушылық танытушылар саны жыл сайын артып келеді. Батыс бұл мерекені тойлап үлгерді, ал Қытайда Қара су қояны жылын 21 қаңтардан 22 қаңтарға қараған түні, яғни кеше қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Чуньцзе» - ол көктем мерекесі.

Қытай Жаңа жылы Аспан асты елінде және Шығыс Азияның басқа елдерінде бұрыннан басты және ең ұзақ мереке саналады. Қытай Жаңа жылының нақты басталу күні жоқ және жыл сайын оның уақыты өзгеріп отырады. 

Қытайдағы мерекенің бірінші күні қысқы күн тоқырауынан кейінгі екінші жаңа айға (яғни 21 желтоқсаннан кейін) келеді. Григориан күнтізбесінде бұл 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығындағы күндердің біріне сәйкес келеді. Мерекелеу шамамен15 күнге созылады.

Демек Қытай күнтізбесі бойынша келесі жыл 2023 жылғы 22 қаңтарда келеді. Ал Қытай жылдың келуін 22 қаңтар мен 5 ақпан аралығында тойлауды жоспарланып отыр.

Жыл символы

Қытайда жыл сайын 60 жылда бір рет қайталанатын комбинация бейнеленген. Бұл комбинация бес элементтің (су, жер, металл, от және ағаш) біріне сәйкес келетін белгілі бір түсті жұлдызнама жануарларының 12-сінің бірін білдіреді. Қытайдың Жаңа 2023 жылы Қоян жануары және Су элементімен бейнеленеді, ал жылдың негізгі түстері - қара және көк. 

Әрбір 60 жылдық шеңбер ағаш егеуқұйрықтан басталып, су шошқасымен аяқталады. Келесі осындай шеңбер 1984 жылдың 2 ақпанында басталып, 2044 жылдың 29 қаңтарында аяқталады.

Мерекеде сақталатын салт-дәстүрлер

Ежелгі миф бойынша, қытайлықтар әр жаңа жылдың басында мерекенің бірінші күні пайда болады деп есептелетін Нянь (қытай тілінен аударғанда «Жыл») деп аталатын құбыжықтан жасырынуға мәжбүр болады.

Қытайлықтар үйлерін осы құбыжықтан қорғау үшін оларды алдын ала безендіреді. Яғни үйдің сыртына әдемі қызыл қағаз өрнектер, жазулар, бақыт, денсаулық және ұзақ өмір тілегін бейнелейтін суреттер және қызыл шамдар іледі. Мерекенің пайда болуы туралы аңыз қызылға деген сүйіспеншіліктің немен байланысты екенін тағы бір рет түсінуге көмектеседі.

Сонымен қатар мереке қарсаңында әрбір отбасы өз өмірін кез келген сәтсіздіктерден тазартып, бақытқа орын босату үшін үйлерін жинап, тазалайды.

Мерекелік дастархан

Жаңа жыл қарсаңында қытайлық отбасылар да біз сияқты бір дастархан басында бас қосады. Мұнда да мерекелік дастарханды молынан жаю дәстүрге айналған. Дастарханға ең сүйікті тағамдарды арнайы әзірлейді. Дәстүр бойынша дастарханда ет пен балық, сондай-ақ тұшпара (цзяоцзы) болуы керек. Бұл тағамның дастарханға қойылудағы мән-мағынасы - дүниеге ұл балалардың келуін бейнелейді.

Сонымен қатар мерекеге орай, басқа қалаларда немесе елдерде жұмыс істейтін не болмаса оқитын отбасы мүшелері де үйлеріне оралады. Барлық қытайлық Жаңа жылды ата-аналарымен қарсы алуға тырысады, сол себепті мереке қарсаңында елдегі барлық көлік адамдарға нық толып, билет сатып алуда қиындық тууы мүмкін. Мерекелік түн зұлым рухтарды қорқытып, отбасына тыныштық пен бақыт әкелетін отшашулармен аяқталады.

Сыйлыққа не береді?

Келесі күні таңертең балалары ата-аналарына зор денсаулық тілеп, ақ тілектерін жаудырады. Ал олар жауап ретінде ата-аналарынан жаңа жылға орай, ақша салынған қызыл конверттер алады. Осыдан кейін отбасы мүшелері жиналып алып, туыстары мен көршілерін құттықтауға барады.

Бұл мерекені қытайлықтар сыйлықсыз елестете алмайды. Мысалы, мұнда бірлік пен отбасылық келісімді білдіретін жұп заттардан құралған сыйлықтар беру дәстүрге айналған. Айта кетерлігі, 4 бақытсыз саны саналады, өйткені қытайлықтар оны өліммен байланыстырады. Сонымен қатар қонаққа барған кезде үй иелері екі мандарин сыйлайды, ал кетерде олардан басқа екі мандарин алады. Осылайша, үй иелері мен қонақтар қаржылық әл-ауқаттың символы саналатын мандариндермен алмасады.

Қытай Жаңа жылы. Димаш «Ой, жайлауды» орындады

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайда өткен жаңа жылдық гала-концертке қатысты.

Димаш Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстанның өкілі ретінде CCTV арнасында өткен SPRING GALA FESTIVAL кешіне қатысты. 

«Гүлдер мен жолдар» әнінде әр елдің қатысушылары индонезиялық, грек, серб, мысыр, пәкістан, жаңа Зеландия, Танзания, аргентиналық әндерді орындады. Димаш попурриді қазақтың халық әні «Ой, жайлау» әнімен аяқтады. Финалда өнерпаздар Қытай Жаңа жылының басты әні «Жасминнің» фрагментін бірге орындады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы