17 Желтоқсан 2024 2024, 13:32
Фото: pixabay.com
Қытай визасыз транзиттік жолаушылардың елде болу уақытын ұзартты
Қытайда визасыз транзиттік жолаушылардың елде болу мерзімі 240 сағатқа дейін ұзартылды.
Қытайда визасыз транзиттік жолаушылардың елде болу мерзімі 240 сағатқа (10 күнге) дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Жэньминь жибао" газетіне сілтеме жасап.
Қытай елі бүгіннен бастап визасыз транзитке қатысты саясатының айтарлықтай жеңілдегенін мәлімдеді. Енді шетелдік туристердің елде заңды түрде болу уақыты 72 және 144 сағаттан 240 сағатқа, нақтырақ айтар болсақ, 10 күнге дейін ұзартылды.