Қытай Ұлыбританияның тыңшылық жөніндегі мәлімдемесін жоққа шығарды
Қытай билігі Ұлыбританияның MI5 қарсы барлау қызметі таратқан ҚХР агенттерінің британ Парламенті қызметкерлерімен байланыс орнатуға тырысып жатыр деген ақпаратты "зиянды жала" деп атады. Бұл туралы Ұлыбританиядағы ҚХР Елшілігі жариялаған мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Елшілік Лондонның айыптауларын "таза фантастика" деп атап, Британ тарабына қатаң қарсылық білдіргенін хабарлады.
Біз Ұлыбританияны жалған айыптауларды тоқтатуға және Қытай–Британия қарым-қатынасын бұзатын әрекеттерден бас тартуға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Бұған дейін MI5 қауымдар палатасы мен Лордтар палатасының қызметкерлеріне ескерту жолдаған. Онда Қытайдың мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі парламенттік қауымдастықтағы тұлғалармен белсенді байланыс орнатып, кәсіби әлеуметтік желілер мен рекрутингтік агенттіктерді пайдалана отырып ақпарат жинауға тырысатыны айтылған.
Ұлыбритания ІІМ басшысының орынбасары Дэн Джарвистің мәлімдеуінше, Лондон ел ішіндегі шетелдік араласуға жол бермейді. Оның айтуынша, ұлттық қауіпсіздік мәселелері 6 қарашада Ұлыбритания СІМ басшысы Иветт Купер мен Қытай Сыртқы істер министрі Ван И арасындағы телефон арқылы сөйлесуде де талқыланған.
Сонымен қатар, Джарвис Лондонның Пекинмен өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.