9 Мамыр 2025 2025, 04:27
Фото: t.me/bort_01
Қытай төрағасы келесі айда Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәліметке сәйкес, Мәскеудегі Кремль сарайында Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасымен әңгімелесті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ресейге ресми сапармен барып, мерейтойлық іс-шараларға қатысуда. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Бұған қоса, Абу Дабидің тақ мұрагерінің елімізге сапары күтілуде. Мемлекет басшысы сондай-ақ Мьянма Премьер-министрімен және Сербия Президенті Александр Вучичпен екіжақты келіссөздер жүргізді.