27 Желтоқсан 2025, 05:18
Фото: Global Look Press
Қытай Тайваньға қару-жарақ жеткізгені үшін АҚШ-қа санкциялар енгізді
Қытай Тайваньға қару-жарақ сатуға байланысты АҚШ-тың 10 жеке тұлғасы мен 20 қорғаныс компаниясына санкциялар енгізді. Бейжіңдегі Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Қытай Тайваньға қару-жарақ сатуға байланысты АҚШ-тың 10 жеке тұлғасы мен 20 қорғаныс компаниясына санкциялар енгізді. Бейжіңдегі Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Санкциялар АҚШ компанияларының Қытайдағы активтерін қатырып, жергілікті ұйымдар мен жеке тұлғаларға олармен іскерлік байланыс жасауға тыйым салады. Сонымен қатар, тізімге кірген адамдарға Қытайға кіруге тыйым салынған.
Санкцияланғандар арасында Northrop Grumman әскери-өнеркәсіптік корпорациясы және Boeing компаниясының Сент-Луистегі филиалы бар. Бұл шешім АҚШ әкімшілігінің желтоқсан айында Тайваньға 11,1 миллиард долларлық қару-жарақ пакетін сатуды мақұлдауының салдары. Пакетке HIMARS реактивті жүйелері, Javelin танкке қарсы зымырандары, Altius дрондары және гаубицаларға арналған бөлшектер кірді.
Қытай Тайваньды өзінің бүлікшіл провинциясы ретінде қарастырады және арадағы ресми байланыстарды үзілді-кесілді қабылдамайды.
- АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді 03:44
- Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 02:52
- Брекситтен кейін Ұлыбритания мен ЕО ынтымақтастықты кеңейтпек 01:29
- Nvidia Қытайға жасанды интеллект чиптерін жеткізуді тоқтатты 00:30
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026
- Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған 18.11.2026